Аболют чемпионның бапкері сенсациялық жеңілістен кейін күтпеген мәлімдеме жасады
Жеңіл салмақтың (61,2 келі) бұрынғы көшбасшысы Теофимо Лопес (16-1, 12 КО) аустралиялық Джордж Камбососпен (20-0, 10 КО) қарымта жекпе-жекке тырыспайды. Бұл туралы оның әкесі әрі бапкері үлкен Теофимо Лопес сенсациялық жеңілістен кейін мәлімдеді.

Мұндайды ешкім күтпеді. Абсолют чемпион атағы үшін айқас сенсациямен аяқталды
"Ешқандай қарымта болмайды. Ұлымды еш айыптай алмаймын. Бұл менің қателігім - оны осынша ұзақ уақыт жеңіл салмақта қалдырдым, бақандай сегіз жыл. Ары қарай жүретін уақыт келді. 63,5 келіге көтеріліп, ақпанда жекпе-жек өткіземіз, ода кейін Джош Тейлордың артынан келеміз. Бұл жеңіліс ештеңе өзгерткен жоқ", - деп береді Лопестің сөзін vRINGe.com порталы Seconds Out ресурсына сілтеме жасап.
Жарнама