auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Абель Санчес жаттықтыратын боксшы барлық жекпе-жегін нокаутпен аяқтап келеді

Абель Санчес жаттықтыратын боксшы барлық жекпе-жегін нокаутпен аяқтап келеді
Джо Джойс және Абель Санчес. © Фото: twitter.com/JoeJoyce_1
Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Джо Джойс (6-0, 6 КО) кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне жетті.

АҚШ-тың Онтарио қаласында өткен бокс кешінде Джойс грузиялық Яго Киладземен (26-4, 18 KO) жұдырықтасты. Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек бесіншісінде аяқталды. Бесінші раундтың басында Киладзе үшінші рет нокдаунға түсіп, төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Осылайша, Джойс кәсіпқой бокстағы алты жекпе-жегін де мерзімінен бұрын аяқтады. Бритнаиялық АҚШ-та алғаш рет жұдырықтасты, бұған дейін ол тек отанында ғана жекпе-жек өткізіп келген.

Джойсты бұл жекпе-жекке қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес жаттықтырды. Ал промоутер Ричард Шефер боксшыға GGG-ге (Головкиннің никнеймы) ұқсастырып Джагернаут деп лақап ат қойған. Осылайша, ол Джозеф "Джагернаут" Джойс болды. 

Айта кетейік, қазақстандық бокс сүйер қауым Джойсты жақсы біледі. 2016 жылғы Олимпиаданың жартылай финалында британиялық төрешілер шешімімен қазақстандық Иван Дычконы жеңген болатын. Бұл жарыста Дычко қола жүлде иеленді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама