Бокс
6 ақпан 2024 14:58
 

Абель Санчес Головкиннің оралуына қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Абель Санчес Головкиннің оралуына қатысты мәлімдеме жасады ©nyfights.com

Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы рингке қайтып оралмаса екен деген ойда, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы рингке қайтып оралмаса екен деген ойда, деп жазады Vesti.kz.

"Геннадий рингке орала ма, одан хабарым жоқ. Бірақ қайта шықпайды деп үміттенемін. Соңғы айқасын көрмедім, тек ол туралы оқыдым, естідім. Оның карьерасында оны қатты қартайтып жіберетін жекпе-жектер болды деп ойламаймын. Ал Канеломен үшінші кездесуде оның ойдағыдай күйде болмауы жаттығу әдеті мен режимінің өзгеруіне байланытсы деп есептеймін. 

Бірге жұмыс істеуді тоқтатқаннан кейін хабарластық па? Жоқ, біз ешқалай қатынасқанымыз жоқ және қоштасқалы көріспедік", - деп береді Санчестің сөзін World Boxing News. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!