Абель Санчес Головкиннің карьерасына қатысты батыл мәлімдеме жасады
Америкалық белгілі бапкер Абель Санчес қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) карьерасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық белгілі бапкер Абель Санчес қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) карьерасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Little Giant Boxing-тің GGG рингке орала ма деген сұрағына маман былай деп жауап берді:
"Білмеймін. Көбі оны суырып алғысы келеді. Мунгия, Берланга сияқтылармен жекпе-жек туралы көп айтылды. Иә, бұл жақсы айқастар. Бірақ бұл жас боксшылар. Ендеше оларды Головкин сияқты жыртқышпен бір торға қамаудың мағынасы бар ма? Геннадий сабайды... Геннадий жазалайды... Толық 12 раунд бойы.
Ол кейін оралуға шамаң келмейтіндей жарақаттайды. Сен тістенуің мүмкін. Бірақ ол сені бастырмалап алып, 12 раунд бойы жібермей қойғанда, бұл сен үшін ойламаған жағдайға айналады. Ол жастарды сабамау үшін рингке оралғысы келмейді деп тұрған жоқпын. Қазір қаншада? 41 жасқа келді-ау... Оның карьерасында бәрі болды. Қайта оралып, біреуге Геннадийді рингкте нашар етіп көрсетуге мүмкіндік берудің мәні қанша? Головкин ештеңеге міндетті емес".
Жарнама