Абель Санчес Головкин "Канелодан" неге жеңілгенінің сырын ашты

©HBO Boxing

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) екінші айқаста GGG-ден не қалағанын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".

Головкин "Канелоның" экс промоутерлерін сотқа берді

"Канело" физикалық және ментальді тұрғыда да өте күшті. Ол сізбен алпарысқанда мүлде басқа боксшы болып кетеді. Бірінші жекпе-жекте Головкин мен қалағандай жұдырықтасты. Ол шықты да айқасты. Ал екіншісінде ол бокс дағдылары арқасында жеңгісі келді. 

Ал төреші шегініп жатқаныңды көрсе, қарсылас сені тегеуріндеп келеді деп бейсаналы түрде ойлайды. Екінші айқастың төртінші раундында-ау деймін, мен Геннадийге дауыстадым: "Сен бұл жігітке қарсы бокс көрсетпе, сен онымен төбелес" деп. Ал ол бокс техникасы жағынан мықтырақ екенін көрсеткісі келген шығар", - деп береді Санчестің сөзін BoxingScene.

"Екіжүзділік, шындық ешкімге керек емес". Головкин "Канеломен" айқастардың ақиқатын ашты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport