Бокс
2 маусым 2022 10:05
 

"Абдырып қалады". Бивол "Канелоның" қалай жеңгенін ашық айтты

  Пікірлер

blog.share

"Абдырып қалады". Бивол "Канелоның" қалай жеңгенін ашық айтты ©INQUIRER.net

Дмитрий Бивол (20-0, 11 KO) "Ушатайка" YouTube арнасына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) қалай шаршатып тастағанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Дмитрий Бивол (20-0, 11 KO) "Ушатайка" YouTube арнасына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) қалай шаршатып тастағанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Альварес ерте шаршап қалғандай көрінді. Жекпе-жектің екінші бөлігіне таман - қиымылында да, әрекетінде де байқалды. Бұл сені таңырқатқан жоқ па?

- Жоқ, мұндайды мен оның кейінгі үш айқасында да байқағанмын. Оның жаттығуын қайталап көрдім. Ойым: "Неге бұлай, не істейді сонша?". Ол қарсыласына жақындап, бар күшімен үш соққы жасайды екен. Ал осы кезде оған ешкім жауап қайтармайды. Ол бір-екі рет терең демалып алып, ары қарай ұрады. Мөшектің алдында тұрып, үш рет бар күшіңмен ұрасың - бұған үлкен қуат жұмсалады. Егер соққың тимей қалса, одан көп күш кетеді. Соққы ауаға жасалса, тіптен көп. Ол қарымта соққы алмаған кезде өзін жайлы сезінетінін көрдім. Ал осындай бар күшімен ұрғаннан кейін жауап қайтарсаң, ол абдырып қалады, одан кейін терең демала бастайды. Ол ауыр соққылар жасап, шаршап қалып отырды. Әрине бар күшімен үш соққы жасаған соң демалып отырғысы келді, ал мен демалыс бермей қарымта шабуылдап отырдым.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!