Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстандық боксшы өзбекстандық "Құбыжықты" жеңіп, Азия чемпионатының жүлдесіне ілігіп тұр

Боксшымыз жартылай финалға өтті.

Қазақстандық боксшы өзбекстандық "Құбыжықты" жеңіп, Азия чемпионатының жүлдесіне ілігіп тұр
© ҚФФ
0
Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Тайланд астанасы Бангкокта болып жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақтағы 1/4 финалда Құлахмет өзбекстандық Исраил Мадримовпен жұдырықтасты. Қазақстандық төрешілердің бөлек шешімімен жеңді. 

Айта кетейік, Өзбекстан боксшысы кәсіпқой рингте екі жекпе-жек өткізіп, "Құбыжық" лақап атын иеленіп үлгерген.

Осылайша, Құлахмет 2019 жылғы Азия чемпионатының жүлдесіне ілікті. Мұның алдында Закир Сафиулллин (60) де жартылай финалға өткен.

Кешкі сессияда (17:00) тағы екі боксшымыз жұдырықтсады.

69 келі. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Бобо-Усмон Батуров (Өбекстан)
+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) - Одай Альхивдави (Иордания)

Еске салайық, кеше 2019 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалына үш боксшымыз жолдама алды : Теміртас Жүсүпов (49), Санатәлі Төлтаев (64) және Бек Нұрмағанбет (81). Ал Қайрат Ералиев (56) 1/4 финалда жеңілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тегтер:
Новости