Коломбо қаласында (Шри-Ланка) өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан ауыр салмақта тағы бір алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
+92 келідегі Бексұлтан Қайратұлы финалда Қырғызстан боксшысы Каримжан Именходжаевты жеңді. Бексұлтан қарсыласын екінші раундта бірнеше рет нокдаунға түсірді де, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұған дейін 92 келіге дейінгі салмақта өзге қазақстандық Расул Асанханов та финалдағы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген еді. Осылай ол да АЧ алтынын алды.
Жарнама