Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Канелоға" төте жол". Промуотер чемпиондық белбеулерді қайтарудың оңай жолын атады

Ол боксшының рингке оралуының мән-жайын айтты.

0
Қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер боксшы келесі жекпе-жегін Нью-Йоркте өткізетінін растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. GGG  үшін бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегі болады. Қарсылас кейін анықталады.

Головкин жеңілмеген боксшы мен әлемнің бұрынғы чемпионына маусымда жұдырықтасуды ұсынған.

"Головкин оралады. Үзіліс жасаған. Ол соңғы жекпе-жегінде жеңілмеген еді. "Канелоны" қанша сыйласам да - қарымтада ол расымен жақсырақ жұдырықтасты - бірақ адамдар бәрін көріп тұр ғой. Ол - "Халық" чемпионы. Барлығы менен оның қашан оралатынын, кіммен жұдырықтасатынын сұрайды... Ол Нью-Йоркке оралады, қарсылас жақында анықталады. Нью-Йоркте Энтони Джошуа жекпе-жек өтеді, Теренс Кроуфорд те сонда жұдырықтасады. MSG алдағы бірнеше айда қызып тұрады", - дейді Леффлер Shoot The Five баслымына берген сұхбатында. 

Сондай-ақ, промоутер Головкин неге DAZNді таңдағанын айтты.

"ESPN үлкен қызығушылық танытты, FOX та бар. DAZN "Канелоға" төте жол еді. Біріншісінде Головкин жеңді, екіншісінде теңдей түсті, ол белбеулерінен айырылмау керек болатын. Енді жанкүйерлер үшіншісін тамашалай алады.

"Канело" Джейкобспен тамаша кездесу өткізеді. Геннадий маусымдағы сәтті өнер көрсетсе, күзде үлкен жекпе-жек болады. "Канело" - Джейкобс кездесуінің жеңімпазы GGG-дің барлық белбеуін иеленеді, сондықтан бұл белбеулерді қайтарудың ең оңай жолы. Головкин мен "Канело" бокстағы ең үлкен пайда әкелетін боксшылар, сондақтан үшінші кездесу өтеді және ол ел ауызнда қалатын оқиғалардың бірі болады", - дейді промоутер.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости