19 жасқа дейінгі жас спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалындық жекпе-жегінде қазақстандық Сабина Жақсылық басымдығын ұстап қала алмады. Жарыс Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда оған үндістандық Парчи Токас қарсы тұрды. Бірінші раунд Сабинаның пайдасына шешілгенімен, келесі екі раундта Токас басымдық танытып, 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.
Осы жеңіліске байланысты Жақсылық құрлықтық турнирдің қола жүлдесімен шектеледі, ал Токас өз елінің намысын қорғап, алтынға таласуға мүмкіндік алды.
Жарнама