Бокс
Кеше 10:21

80 келідегі қазақ боксшы қарсыласын үшінші раундта есеңгіретіп тастады

©

Қазақстандық боксшы Ерасыл Жәкпеков Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite турнирінде 1/8 финалдағы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ерасыл канадалық Джошуа Офоримен кездесті. Алғашқы раундта канадалық басым болды - 3:2. Алайда екінші раундта Жәкпеков қарқынын күшейтіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті - 5:0.

Үшінші раундтың басында канадалық боксшы нокдаунға түсті. Бұл раунд та қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды - 4:1. Нәтижесінде жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен - 4:1 Ерасылдың пайдасына аяқталды.

Ширек финалда қазақстандық боксшы Үндістан боксшысы Анкушпен жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport