Қазақстандық боксшы Санжарәлі Бегалиев Тайлан астанасы Бангкокта өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының (U-19 және U-22) финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалдық жекпе-жекте Бегалиев үндістандық Анкушпен жекпе-жек барысында айқын басымдық көрсетіп, таза жеңіске жетті.
Санжарәлі Бегалиев 22 жасқа дейінгі санатта өнер көрсетіп жатыр.