Қазақстандық Әсел Тоқтасын Бангкокта(Таиланд) өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
+80 келі салмақ дәрежесінде өткен финалда Тоқтасын үндістандық Ритикаға 1:4 есебімен жол берді.
Әсел Тоқтасынға дейін Қазақстан 22 жасқа дейінгі бұрымдылар арасында үш финалдық жекпе-жек өткізген болатын. 48 келіде Гүлназ Бөрібаева мен 70 келіде Бақыт Сейдіш өзбекстандық қарсыластарын жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ал 75 келіде Шұғыла Нәлібай шешуші кездесуде мерзімінен бұрын жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.