Қазақстандық боксшы Ерасыл Жәкпеков Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Өзбекстан боксшысымен айқасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші айналымды өткізіп жіберген Жәкпеков 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Өзбекстан боксшысы Фазлиддин Эркинбоевпен кездеседі.
Эркинбоев 1/8 финалда қырғызстандық Сагын Сатыбалды уулун таза жеңді. Фазлиддин World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы және IBA бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Айта кетейік, бұл жекпе-жектің жеңімпазы кемінде қола жүлдеге жетеді.