Бокс
18 наурыз 2024 08:44

8 жүлде! Қазақ боксшылар халықаралық турнирде дүркіреді

©ҚБФ

Сербия астанасы Белградта өткен Бранко Пешичті еске аулға арналған бокстан халықаралық турнирі аяқталды, деп жазады Vesti.kz.

Бұл жарыста қазақстандық боксшылар 4 алтын және төрт күміс жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. 

Финалға дейін сегіз қазақстандық боксшы жетіп: төртеуі қарсыластарын жеңді де, төртеуі жеңілді.

Алтын алғандар: 

Ернұр Қайрат (48 кг);
Санжар Тәшкенбай (51 кг);
Дәулет Молдашев (54 кг);
Диас Молжігітов (75 кг).

Күміс жүлдегер атанғандар:

Сабыржан Аққалықов (71 кг);
Ерасыл Жәкпеков (80 кг);
Данияр Рахымбердинов (92 кг);
Олжас Боқаев (92 келіден аса).

Финалдағы айқастар мынадай болды:

Ернұр Қайрат - Ради Йоксимович (Сербия) - 5:0;
Санжар Тәшкенбай - Омер Аметович (Сербия) - 5:0;
Дәулет Молдашев - Вербан Габор (Венгрия) - 3:2;
Сабыржан Аққалықов - Сергей Колденков (Ресей) - 2:3;
Диас Молжігітов - Альмир Мемич (Сербия) - 3:2;
Ерасыл Жәкпеков - Габриэль Веочич (Хорватия) - 1:4;
Данияр Рахымбердинов - Рамазан Дадаев (Ресей) - 0:5;
Олжас Боқаев - Владан Бабич (Сербия) - 0:4.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport