75 келіде Олимпиада жолдамасына Хальзова таласады
©Сали Сабиров
Астанада бокстан спаррингтік турнир аяқталып, әйелдер арасындағы 75 келі салмақта Олимпиада жолдамасына таласатын боксшы анықталды, деп жазады Olympic.kz.
Астанада бокстан спаррингтік турнир аяқталып, әйелдер арасындағы 75 келі салмақта Олимпиада жолдамасына таласатын боксшы анықталды, деп жазады Olympic.kz.
Бұл салмақтағы финалдық сында Валентина Хальзова мен Гүлсая Ержан жұдырықтасқан болатын.
Кездесуде тәжірибелі Хальзова қарсыласына еш амал қалдырған жоқ.
Осылайша, әлем чемпионы Валентина Хальзова Таиландтағы лицензиялық турнирге қатысады. Ол Италиядағы іріктеу турнирінің ширек финалында ұтылды.
Жарнама