Қазақстандық боксшы Шұғыла Нәлібай World Boxing ұйымдастырған Әлем кубогында өнерін аяқтады. Жарыс Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Биыл Қазақстан чемпионы атанған отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Ширек финалда Налибай ресейлік әлем чемпионы Елена Гапишинамен кездесті. Өкінішке қарай, қарсыласы басым түсіп, екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Бұл - қазіргі Әлем кубогында Қазақстан құрамасы үшін екінші жеңіліс. Бұған дейін 50 келіге дейінгі салмақта Даниял Сабит ширек финалда қарсыласына есе жіберген болатын.
Ал қазақстандық Карина Ибрагимова турнирдің жартылай финалына жолдама алды.