| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 12:59
 

70 келідегі боксшы Қазақстан қоржынына Азия чемпионатының бірінші алтынын салды

  Пікірлер

blog.share

70 келідегі боксшы Қазақстан қоржынына Азия чемпионатының бірінші алтынын салды ©instagram.com/boxingkazakhstan

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 және 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жігіттер арасында алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 және 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жігіттер арасында алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алтын жүлде иегері U-19 санатындағы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бибарыс Әшірбай болды.

Финалда қазақстандық боксшы Жапония боксшысы Күнимицу Хонжомен қолғап түйістіріп, төрешілердің ортақ шешімімен таза жеңіске жетті - 5:0 . Осылайша, Бибарыс Азия чемпионы атанды.

Бұған дейін финалдық жекпе-жектерін Әділ Асканбай (50 келі) мен Ақжүрек Қалабай (65 келі) өткізген болатын. Әділ Асканбай финалда Өзбекстан боксшысы Өткізбек Нозқосымовқа 0:5 есебімен жол берсе, Ақжүрек Қалабай Оңтүстік Корея боксшысы Даехо Кангқа 2:3 есебімен есе жіберді. Осылайша, екі қазақстандық боксшы да Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!