1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Бокс
Бүгін 18:35
 

70 келіде өзбек боксшы қазақстандықты АЧ алтынынан айырды

  Пікірлер

blog.share

70 келіде өзбек боксшы қазақстандықты АЧ алтынынан айырды ©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Айбын Мәжит Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан U15 және U17 жас санаттарындағы бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Айбын Мәжит Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан U15 және U17 жас санаттарындағы бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында ол турнир қожайыны - өзбекстандық Иброхим Мирзакаримовпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңіс алаң иесіне бұйырды. Айбын Мәжит қарсыласына жол беріп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Осылайша, Иброхим Мирзакаримов алтын жеңіп алса, қазақстандық боксшы екінші орынға ие болды.

Айта кетейік, Қазақстанның U15 құрамасы Азия чемпионатын 5 алтын, 3 күміс және 2 қоламен қорытындылады. Ал U17 құрамасының боксшылары турнирдегі өнерін жалғастырып жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!