Қазақстандық бұрымды боксшы Балауса Мұздиман Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде атаулы жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.
Балаусаның қарсыласы Үндістанның екінші нөмірлі боксшысы Моника Сингх болды. Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек біріншісінде-ақ аяқталды. Балауса қарсыласын 43-секундта бауырдан соққы жасап отырғызып тастады. Осыдан кейін қарсылас жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Мұздиман кәсіпқойдағы төрт айқасының бәрінде жеңіске жетіп отыр, оның үшеуі нокаутпен. Ал бес жеңіске жеткен Сингх екінші рет жеңіліп отыр.