Бокс
11 қараша 10:11

"42-де екеніне қарамаңдар". Сарапшылар Әлімханұлы - Лара айқасына болжам айтты

©instagram.com/erislandylaraofficial

The Ring басылымының журналисі Ханс Темистод орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен осы дивизионда WBA титулына ие кубалық Эрисланди Лараның (31-3-3, 19 KO) алдағы жекпе-жегі туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Айқас 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатына қарасты Сан-Антонио қаласында өтеді.

Лара әлі де қауіпті қарсылас

"42 жаста болғанына қарамастан Лара әлі де жылдам және жақсы дайындықта көрінеді. 2021 жылы орта салмаққа өткеннен бері ол керемет формада. Сол уақыттан бері төрт қарсыласын нокаутқа түсірді, оның ішінде 2024 жылы Дэнни Гарсияны жеңуі – соның айғағы. Кубалық боксшы әлі де өте қауіпті қарсылас", – деді Темистод.

Малиньяджи Лараны бағаламау қауіпті екенін ескертті

Екі салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Пол Малиньяджи де пікір білдіріп, Жәнібекке қарсыласын бағаламауға болмайтынын ескертті.

"Жәнібек – фаворит, алайда, егер ол өз деңгейінен төмен өнер көрсетсе, Лара өз тәжірибесімен басымдықты алады", – деді Малиньяджи.

Әлімханұлына барынша жинақы болған жөн

Жәнібек Әлімханұлы биыл сәуір айында франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсіріп, оңай жеңіске жеткен болатын. Алайда сарапшылардың пікірінше, алдағы жекпе-жекте боксшыға сақтық пен жоғары қарқын қажет.

"Ларамен бәрі түсінікті. Егер рингте оған қарсы барыңды салмасаң, ол таңдандыра алады", – деп қосты Малиньяджи.

Маман пікірінше, Жәнібек Әлімханұлы айқастағы басты фаворит саналады. Дегенмен, тәжірибелі және соққысы мықты Эрисланди Лара тосынсый жасап, жекпе-жектің тағдырын өзгертуі әбден мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport