Бокс
24 ақпан 2020 08:34

41 нокауты бар Уайлдер карьерасындағы жалғыз жеңілістен соң ауруханаға түсіп қалды

© Sport.ua
Супер ауыр салмақта жұдырықтасатын амеркиалық боксшы Деонтей Уайлдер (42-1-1, 41 КО) британиялық Тайсон Фьюриден (30-0-1, 21 КО) жеңілгеннен кейін аурухааға жатқызылды, - деп хабарлайды Sportbox.ru.


WBC титулы үшін жекпе-жек Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Фьюри қарсыласын үшінші және бесінші раундта нокдаунға түсірді, осыдан кейін, жетінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша ұлыбританиялық 31 жастағы боксшы жеңіске жетті.

Жекпе-жектен кейін Уайлдер баспасөз мәслихатына келмеді. Боксшыны құлақ пердесі жыртылып кетті деген күдікпен ауруханаға жеткізген - алған соққылардан оның сол құлағынан қан аққан еді. Сонымен бірге, оның ерні де жыртылған.

Бұл Уайлдер үшін карьерасындағы жалғыз жеңіліс. Амеркиалық боксшы айырылып қалған WBC титулын 2015 жылдан бері 11 рет қорғаған еді.