41 нокауты бар! Головкинді Канелоның ізбасары айқасқа шақырды
Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) кезекті рет Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) айқасқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) кезекті рет Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) айқасқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы мүмкін еді, алайда ол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық мұндай айқасқа дайын емес деп жекпе-жекке рұқсат бермеді.
"Біз үнемі Головкин мен Чарло сияқты мықтыларды көздеп келеміз. Олармен жекпе-жектер біздің бақылауымыздан тыс жағдайларға қатысты өтпей қалды. Чарло рингке екі жыл шықпады, бірақ әлі чемпион. Алдағы жоспары қандай екенін білмеймін, алайда онымен айқасуға дайынмын. Головкинге қатысты, біз онымен жекпе-жек бойынша хабарластық, дегенмен сол күйі жауап боламды. Қазір ол демалыс рахатын көріп жатқан сияқты", - дейді Мунгия.
Жарнама