41 нокауты бар аса ауыр салмақтағы чемпион келесі қарсыласымен бір жылда екі жұдырықтаспақ

19 желтоқсан 2019 09:34
© fightnews.info
Супер ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (29-0-1, 20 КО) осы дивизионда WBC чемпионы америкалық Деонтей Уайлдермен (42-0-1, 41 КО) үшінші рет те жұдырықтаспақ. Бұл туралы talkSPORT басылымына британиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен мәлімдеді.

Ақпарат бойынша, қарымта кездесуде кім жеңетініне қарамастан үшінші жекпе-жек 2020 жылы жазда өтеді. Мұның алдында Уайлдер мен Фьюри екінші рет 22 ақпан Лас-Вегаста жұдырықтасатыны хабарланған еді. 

"Фьюри 22 ақпанда Уайлдермен рингке шығады. Одан кейін қайта жұдырықтасады, кім жеңетініне қарамастан, жазда", - дейді Уоррен.

Джошуа супер ауыр салмақта 41 қарсыласын сұлатқан нокаутшымен жұдырықтаспақ