41 қарсыласын сұлатқан нокаутшы мен ирландиялық "сығанның" жекпе-жегі мақұлданды

3 желтоқсан 2019 12:06
 © Eurosport
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) аса ауыр салмақта ұйым чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер және британиялық Тайсон Фьюри арасындағы қарымта жекпе-жекті мақұлдады. Бұл туралы ресми баспасөз мәлімдемесінде айтылған

Жекпе-жек 2020 жылы өтеді. Мұның алдында БАҚ-та Уайлдер мен Фьюри 22 ақпан Лас-Вегаста кездесетіні хабарланған еді.

2018 жылы Лос-Анджелесте өткен боксшылар арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталып, Уайлдер чемпиондық белбеуін қорғап қалған. 

34 жастағы Уайлдер 42 жеңіске жеткен (41 - нокаут) және бір рет тең түскен. 31 жастағы Фьюри 29 кездесінде жеңіп (20 - нокаут) бір рет осы Уайлдермен тең жұдырықтасқан