40 нокауты бар WBC чемпионының қауіпті қарсыласымен қарымтасы Қазақстанда тікелей көрсетіледі

© AllBoxing.ru
Жексенбі, 24 қарашада аса ауыр салмақта WBC чемпионы амеркиалық Деонтей Уайлдер (41-0-1, 40 КО) және кубалық Луис Ортис (31-1, 26 КО) арасында қарымта жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегастағы MGM Grand Garden аренасында өтетін кездесу АҚШ-та Showtime арнасында PPV жүйесі арқылы көрсетіледі.

Қазақстанда бұл жекпе-жекті "Хабар" арнасынан тікелей тамашалауға болады. Трансляция 24 қараша, сағат 08:00-де басталады.

Еске салайық, Уайлдер мен Ортис 2018 жылы наурызда Нью-Йоркте жұдырықтасқан. Ол жекпе-жектің бесінші раундында чемпион қарсыласын бесінші раундта құлатқан. Алайда ол тұрып, жекпе-жекті жалғастырды да, жетінші раундта амеркиалықтың өзін жеңуге жақын еді.  Дегенмен Уайлдер жекпе-жек барысын бұзып, Ортисті оныншы раундта нокаутқа түсірді.