Әлемдік бокстың филиппиндік аңызы, 46 жастағы Мэнни Пакмен Пакьяо (62-8, 39 KO) рингке қайта оралу қарсаңында ең ұлы боксшысы деп кімді санайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мақтанғым келмейді, бірақ ойласам, бұл - мен. Сегіз салмақта чемпион атану - бұл мүмкін емес дерлік дүние. Бұл өте ғаламат жетістік. Меніңше, бокстың бүкіл тарихында бұдан қиын ештеңе болмаған", – деп береді Пакьяоның сөзін The Ring басылымы.
Мэнни Пакьяо – қырық жыл бойы әлем чемпиондық атақ иеленген жалғыз боксшы: 1990-жылдардан бастап 2020-жылдарға дейін. Сонымен қатар, ол The Ring журналы мен Бокс журналистері қауымдастығы нұсқасы бойынша 2000–2010 жылдар арасындағы онжылдықтың үздік боксшысы деп танылған.
20 шілдеге қараған түні Лас-Вегаста 46 жастағы Пакьяо жартылай орта салмақтағы WBC чемпионы амеркиалық Марио Барриос (29–2–2, 18 КО) 12 раунд жұдырықтасып, тең түсті: екі төреші 114–114 және біреуі Барриосқа аздаған басымдық берді - 115–113.