Панамадағы бокс кешінде жартылай ауыр салмақатағы кубалық Юниор Менендес колумбиялық Эйдер Солисті нокаутқа түсірді, деп жазады Vesti.kz.
Жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, алайда Менендес қарсыласын тек 38 секунд қана шыдатты.
24 жастағы Солис карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр, оған дейін ол сегіз рет жеңіске жеткен (алты нокаут).
27 жастағы Менендес жеңілмеген боксшы дәрежесінде қалды. Ол карьерасында тоғыз рет жеңіске жеткен, оның жетеуі нокаутпен.