Бокс
5 мамыр 09:49
 

32 жеңісі бар еді. Титулды айқас жеңілмеген боксшы үшін өкінішті аяқталды

  Пікірлер

blog.share

32 жеңісі бар еді. Титулды айқас жеңілмеген боксшы үшін өкінішті аяқталды ©Allboxing

Нью-Йоркте (АҚШ) өткен бокс кешінде америкалықтар Теофимо Лопес (22–1, 13 KO) пен Арнольд Барбоса (32–1, 11 KO) жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Нью-Йоркте (АҚШ) өткен бокс кешінде америкалықтар Теофимо Лопес (22–1, 13 KO) пен Арнольд Барбоса (32–1, 11 KO) жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек барлық 12 раунд толық өтіп, оның қортындысы бойынша қазылардың бәрі жеңісті Лопеске берді — екі рет 116–112 және 118–110.

Нәтиже әбден орынды: Лопес жекпе-жек барысында толықтай өз бақылаунда ұстады .

Осылайша, Теофимо Лопес бірінші жартылай орта салмақта WBO және The Ring белбеулерін қорғап қалды. Бұл оның 22-ші жеңісі болды, карьерасында ол бір ғана рет жеңілген. Ал 32 жеңісі бар Барбоса үшін бұл алғашқы жеңіліс болып отыр. 

Еске салайық, 2020 жылы Лопес украиналық боксшы Василий Ломаченконы (18-3, 12 KO) жеңген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!