Филадельфияда (АҚШ) өткен бокс кешінде бірінші орта салмақтағы WBA ұйымының "уақытша" чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жек нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық Джарон Эннис (35-0, 31 КО) анголалық Уисма Лиманы (14-2, 10 КО) бірінші раундта-ақ есеңгіретіп тастады.
Эннис жекпе-жек кезінде Лиманы екі рет нокдаунға түсіріп, кейін ринг бұрышына қысып қойып, соққы астына алды. Осы сәтте төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты, ал Лиманың бапкерлері осы сәтте рингке ақ орамалды лақтырды.
Бұл Эннистің кәсіпқой карьерасында 35-ші жеңіс болды (31 нокаут). Ал Уисма Лима карьерасында екінші рет және алғаш рет нокаутпен жеңіліп отыр.