Жеңіліп көрмеген гватемалалық боксшы Лестер Мартинес (19-0, 16 KO) суперорта дивизионда абсолют чемпион Сауль Канело Альвареспен (63-2-2, 39 KO) жекпе-жекке шығу үшін америкалық Терренс Кроуфордты (41-0, 31 KO) алмастыру туралы ұсыныс алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мартинеске гонорар да белгілендіBrunch Boxing таратқан ақпаратқа сүйенсек, егер Кроуфорд қандай да бір себеппен жекпе-жектен бас тартса, Мартинес оның орнына шығып, шамамен екі миллион доллар табыс табады.
Айта кетейік, Канело мен Кроуфорд арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп жарияланғанымен, келісімшартқа әлі қол қойылмаған, әрі нақты күні мен орны да белгісіз. Эр-Риядта маусым айында баспасөз жиыны жоспарланған, бірақ жағдай кез келген сәтте өзгеруі мүмкін.
Басты айқасқа қатысты шешімді күтіп отырғанда, Мартинес 12 шілдеде тәжірибелі франциялық Пьер Дибомбемен кездеседі. Бұл айқас Мартинес үшін формасын ұстап тұрумен қатар, қыркүйектегі шоу алдындағы үлкен назарды өзіне аударудың бір жолы болмақ.
Тіпті Мартинес Кроуфордтың орнын алмастырмаса да, сол кештің андеркардында өнер көрсетеді. Гватемалалықтың лақап аты – "Аңыздарды өлтіруші" – оның қауіпті соққысын және үлкен әлеуетін айқын көрсетіп тұр. Қазір ол карьерасындағы ең маңызды айқастың табалдырығында тұр.
Егер Канело мен Кроуфорд арасындағы кездесу өтпей қалса, Мартинес басты жекпе-жекке шығып, қазіргі заманның ең ұлы боксшыларының бірімен жұдырықтасуға мүмкіндік алады.