31 боксшыны сұлатқан "Канело" ізбасарын Әлімханұлымен айқастан сақтандырды

©instagram.com/janibek_qazaqstyle

WorldBoxingNews порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WBO белбеуі үшін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) арасында өтуі ықтимал жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. 

Әлімханұлы 31 нокауты бар "Канело" ізбасарымен чемпиондық айқасқа шығады

"Әлімханұлы орта салмақтың үздіктеріне жылдам кірді. Бұл айқас өтетінге ұқсайды. Мунгия - аты шыққан боксшы, бірақ, әлі ең мықтылардың бірі ретінде мойындалмады. Жәнібекпен жекпе-жек қауіпті сияқты, дегенмен, мексикалық одан бас тарта қоймас. Бұл айқаста кімде басымдық барын айту қиын, алайда, қазақстандықтың кейінгі кездесулерінде қалай жұдырықтасқаны ұнады. Ол таңқалдыра алады және дивизионда көбін жеңеді", - дейді Джей. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар