30 секунд қалғанда. WBC чемпиондығы үшін айқас қайғылы аяқталды
36 жастағы бұрымды боксшы Сабрина Перестің (18-2-1, 2 KO) бапкері әрі күйеуі Диего Арруа жекпе-жекті бақылап тұрған кезінде жүрек талмасынан құлап, кейін көз жұмды. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман хабарлады.

Мексиканың Тихуана қаласында өткен бокс кешінде Перес жартылай жеңіл салмақта WBC ұйымының уақытша чемпионы атағы үшін Скай Николсонмен жұдырықтасты. Бұл кездесуде Николсон төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
10 раундты жекпе-жектің аяқталуына 30 секунд қалғанда Арруа ринг жанында есінен танып құлады, мұны Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн бірден байқап қалады.
Сабрина жекпе-жекті аяқтаған соң оған қайғылы хабарды естіртті.
"Дәрігерлер қолынан келгенін жасады, бірақ ол ауруханада көз жұмды", - деп жазыпты Сулейман әлеуметтік желіде.
RIP Diego ??️
— Matchroom Boxing (@MatchroomBoxing) September 16, 2023
Our thoughts and condolences are with Sabrina Perez and your loved ones
Жарнама