30 нокауты бар мексикалық Головкиннің бір қарсыласынан бас тартып өзгесімен жұдырықтаспақ
Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (37-0, 30 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-3, 10 КО) жекпе-жектен бас тартпақ. Бұл туралы инсайдер Дэн Рафаэль хабарлады.
Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (37-0, 30 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-3, 10 КО) жекпе-жектен бас тартпақ. Бұл туралы инсайдер Дэн Рафаэль хабарлады.
Бұл айқасқа Бүкіләлемдік бокс кеңесі рұқсат беріп, жеңімпаз америкалық Джермалл Чарлоға (32-0, 22 КО) тиесілі WBC титулына үміткер атану керек болған.
"Хайме Мунгия мен Сергей Деревянченко арасындағы WBC желісі бойынша үміткерлік жекпе-жектің промоутерлік саудасы жұмаға белгіленген еді. Алайда мәлімет көзінің хабарлауынша, Мунгия басқа бағытты таңдады. Ал оның промоутері Занфер WBC-ге бұл кездесуге қатыспайтындарын хабарлаған екен. Хайме тағы бір промоутері Golden Boy арқылы Габриэль Росадомен DAZN платформасында жұдырықтаспақ", - деп жазыпты Рафаэль твиттер желісінде.
A purse bid for WBC 160 elim, Jaime Munguia vs Sergiy Derevyanchenko, was set for Fri. Per source, Munguia is going in another direction & co-promoter Zanfer informed WBC they won't participate. Munguia, co-promoted by Golden Boy, has been linked to a DAZN fight vs. Gabe Rosado.
— Dan Rafael (@DanRafael1) September 15, 2021
Жарнама