30 нокауты бар мексикалық Головкинмен жекпе-жекке шықпақ

©mma.express

Орта салмақтағы мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30 KO) 19 ақпан АҚШ-тың Тихуана қаласында жергілікті Димитриус Баллардпен (21-0-1, 13 КО) жекпе-жек өткізеді. Бірінші орта салмақта WBO ұйымының бұрынғы чемпионы Behind The Gloves арнасына берген сұхбатында жеңіске жеткен жағдайда не істемек ойы барын айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.

Мексикалықтың ойынша, егер орта салмақта WBO титулы бос қалса, (Деметриус Андраде жоғары көтерілмек), "бұл өте жақсы мүмкіндікке жол ашады".

Геннадий Головкин келесі кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады

Сонымен қоса, ол орта дививзионда IBF белбеуіне ие Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жұдырықтасқысы келеді. 

"GGG - ұлы боксшы және аңыз. Бұл тамаша айқас болар еді және мен оған дайынмын", - дейді Мунгия. Ал мексикалықтың ісін жүргізетін Golden Boy өкілдері Головкинмен жекпе-жек - Мунгияның 2022 жылдағы басты мақсаты екенін айтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport