Мексикалық былғары қолғап шебері Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) келесі жылы әлем чемпионы атағы үшін Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізгісі келеді, деп жазады Vesti.kz.
Бүгін, 14 қараша мексикалық боксшы Головкиннің экс-қарсыласы Габриэль Росадоны (26-14-1, 15 КО) жеңіп, орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуін қорғап қалды.
"Росадо тәжірибелі боксшы екен. Ол менің бірнеше мықты соққыларыма төтеп берді. Айқас барысында тактикамды өзгертуге тура келді. Менің командам келесі жылы әлем чемпионы титулы үшін болатын айқасты күтеді. Ол айқас Головкинмен болса тіпті жақсы болар еді. Жанкүйер қауымға ұнайтын жекпе-жек болады деп ойлаймын", - дейді Мунгия.
Еске салайық, Геннадий Головкин 29 желтоқсанда күншығыс елінде жергілікті Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасады.