Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) жаңа салмақта чемпиондық белбеу жеңіп алып қоймай, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) де жекпе-жекке дайын екен, деп хабарлайды vRINGe.com.
"2022 жылдың соңына дейін әлем чемпионы атағы үшін айқс өткіземін деп үміттенемін", - дейді мексикалық.
Хайменің сөзінше, ол орта дивизиондағы WBO титулы үшін Жәнібекпен де жұдырықтасуға дайын.
"Әрине, ол тамаша боксшы және онымен рингте кездесу мүмкіндігі болса, бұл тамаша жекпе-жек боларына сенімдімін", - дейді Мунгия.
Мұның алдында Жәнібек Әлімханұлы "Канело" өнер көрсететін салмаққа ауысатыны жайлы айтқан болатын.