30 қарсыласын сұлатқан. Қазақ боксшыға қауіпті нокаутшымен айқасу ұсынылды

©instagram.com/sultanzaurbek

Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Сұлтан Зауырбекке (16-0,12 КО) жақсы қарсылас болатын боксшыны атады. 

Екінші жартылай жеңіл салмақта WBO European титулы бар Сұлтан 1 наурыз Телфордтағы Telford International Centre аренасында британиялық Алекс Дилмаганимен (20-2-1,7 КО) он раундтық жекпе-жекке шығады. Бұл кездесудің жеңімпазы WBO Global және WBA Gold титулдарын иеленеді.

"Меніңше, қазақстандық нокаутшыға АҚШ-та бір-екі жекпе-жек өткізу керек. Осы жерде аудиториясын кеңейтер еді. Оның Абель Мендозамен айқасқанын тамашалау қызық болды. Не болмаса Джордан Уайт бар. Ал жеңіске жетіп жатса, чемпион Ламонт Роучпен кезедсуді қарастырып көруге болады. Жалпы, Сұлтанның әлеуеті жоғары. Ол АҚШ-та табысқа жетеді деген ойдамын", - дейді Маккаферри.

Айта кетейік, "Зорро" лақап атты жеңіліп көрмеген америкалық Абель Мендоза (39-0, 30 КО) WBA рейтингінде оныншы тұр, Джордан Уайт (15-1, 11 KO) 11-орында. Ал Сұлтан рейтингте бесінші келеді, ұйым чемпионы Ламонт Роуч (24-1-1, 9 KO).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport