30 боксшыны сұлатқан мексикалық Головкинді бұрынғы қарсыласымен қоса жекпе-жекке шақырды

©Favoritnr1.com

Мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30 KO) орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізуге ниетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Анахайме қаласында өткен бокс кешінде Хайме қазақстандық боксшының бұрынғы қарсыласы Габриэль Росадоны (26-14-1, 15 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, WBO титулын сәтті қорғады. Жеңістен кейін мексикалық Головкинді айқасқа шақырды. 

"Головкинмен жекпе-жек қалаймын. Көрерменге ұнайтын жақсы айқас болатын еді. Келесі кездесуім сонымен өтетін сияқты. 2022 жылы титулды немесе элиминаторлы айқасқа дайын боламын", - деді Мунгия жеңістен кейін.

Ал баспасөз мәслихаты кезінде мексикалық боксшы Головкиннің тағы бір экс қарсыласымен жекпе-жекке шаққысы келетінін мәлімдеді. 

"Иә, Головкинге дайынбыз. Сонымен қоса, Деревянченкомен де жұдырықтасқым келеді", - дейді Хайме.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport