29 боксшыны сұлатқан мексикалық нокаутшы Головкиннің кейінгі қарсыласымен жекпе-жекке шығады
Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (36-0-0, 29 KO) қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) кейінгі қарсыласымен жекпе-жекке шығады.
Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (36-0-0, 29 KO) қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) кейінгі қарсыласымен жекпе-жекке шығады.
Мексикалық боксшы осы айда польшалық Камил Шереметамен (21-1, 5 КО) жұдырықтаспақ.
BoxingScene мәліметінше, Мунгия бастапқыда Мацей Сулецкиге қарсы кездесу өткізу керек болған. Бастапқыда Хайме жарақат алып қалып, жекпе-жек кейінге қалған. Ал енді Мацей рингке шықпайтын болды, себебі әзірге белгісіз.
Осылайша, Хайменің командасы тез арада қарсылас іздей бастап, Сулецкидің отандасы Камил Шереметаға таңдаулары түсті.
Боксшылар 19 маусым АҚШ-та жұдырықтасады деп жоспарланған.
Айта кетейік, Шеремета былтыр желтоқсанда Головкинмен жекпе-жекке шығып, техникалық нокаутпен жеңілген.
Жарнама