27 боксшыны сұлатқан. Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшының қарсыласы белгілі болды
Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы Иван Дычконың (10-0, 10 КО) 18 желтоқсан Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы Иван Дычконың (10-0, 10 КО) 18 желтоқсан Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дычконың қарсыласы кәсіпқойда 36 жеңіске жетіп (27 нокаут), бес рет жеңілген және бір кездесуін тең аяқтаған ресейлік Александр Устинов болады.
Карьерасында Устинов WBA International, WBA Pan African және IBO Inter-Continental титулдарын иеленген.
Ауыр салмақ рейтингінде ресейлік боксшы 59-орында, ал Дычко - 101-ші.
Еске салайық, бұл бокс кешінің басты айқасында Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жартылай орта салмақта IBO белбеуі үшін жұдырықтасады.
Сонымен қоса, тағы бір басты кезедсуде ауыр салмақтағы нокаутшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) рингке шығады. Оның үстіне 20 жылдан кейін алғаш рет Қазақстан чемпионы атағы қайта сарапқа салынады, 55,3 келіде бұл белбеу үшін Ержан Залилов пен Ескендір Харсан айқасады.
Даурен Елеусінов әзірбайжандық Али Мамедовпен кездесу өткізеді. Бұл кешке қатысушылардың бірі жеңілмеген қазақстандық Жанқош Тұраров болады.
Сонымен қоса, 18 желтоқсанда Ангелина Лукас кәсіпқойдағы бірінші жекпе-жегін өткізеді. Бұл шоуға билеттерді алдағы күндері iticket.kz сайтында онлайн сатып алуға болады.
Жарнама