Бокс
31 шілде 14:14

25 нокауты бар атақты боксшыны Әлімханұлымен жұдырықтасуға шақырды

©xsport.ua

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) жаңа қарсылас табылып қалуы мүмкін. Британдық БАҚ мәліметінше, кіші Крис Юбенк (35-3, 25 KO) қазақстандық боксшыға қарсы титулдық жекпе-жек өткізуді көздеуде.

Жарқын жеңіспен оралды

Биыл 26 сәуірде Брайтоннан шыққан 35 жастағы Юбенк отандасы Конор Беннмен (23-1, 14 KO) жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, рингке сенімді түрде оралған болатын.

Осыдан кейін Boxing-Social басылымы Юбенк енді орта салмақтағы чемпиондарға, соның ішінде Жәнібек Әлімханұлына назар аударуы мүмкін екенін жазды.

Әлімханұлы келесі ме?

Бокс сарапшылары Жәнібекті "жаңа Головкин" деп атап жүр. Бұл теңеу - оның жойқын соққы күші мен техникалық стиліне байланысты. Қазіргі таңда оның жеңістерінің 87 пайызы мерзімінен бұрын аяқталған.

"Әлімханұлы тәуекелі жоғары, бірақ беделі зор қарсылас. Егер оны жеңсең, бірден элиталық боксшылардың қатарына қосыласың", - дейді мамандар.


Ринг аңызының боксшының мұрагері

Айта кетейік, кіші Крис Юбенк ағылшын боксының тірі аңызы үлкен Крис Юбенктің ұлы. Әкесі өзінің карьерасында орта, екінші орта және жартылай ауыр салмақтарда WBO чемпиондық атақтарына ие болған. Ал ұлы қазір WBC рейтингінде екінші орында тұр және чемпиондық белбеулерге таласуға әзір екенін мәлімдеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport