25 жекпе-жекке шыққан. Сегіз нокауты бар жеңілмеген қазақ боксшының қарсыласы анықталды

Сурет: facebook.com/eottmboxing/
Жеңілмеген қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайыновтың (11-0, 8 КО) рингке шығатын уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы спортшының өзі Instagram желісінде хабарлады. 

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ боксшы 25-ші қазанда ресейлік Руслан Берчукпен (13-12, 4 KO) жұдырықтасады.



Еске салайық, кейінгі рет Құсайынов былтыр ақпанда Мексикада жұдырықтасып, жергілікті боксшыны нокаутпен жеңген.