25 жастағы боксшы ауыр нокауттан кейін өліп кетті

©boxingscene.com

Супер жеңіл салмақтағы колумбиялық проспект Луис Куиньонес (10-1, 6 КО) 25 жасына қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өліп кете жаздады. Ауыр нокаутқа түскен боксшыны рингтен көтеріп алып кетті

26 қыркүйек Колумбияның Барранкилья қаласында өткен бокс кешінде Куиньонес венесуэлалық Хосе Муньоспен (9-0, 7 КО) жекпе-жекке шығып, сегізінші раундта нокаутқа түскен болатын. Бұл оның карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды. 

Нокатуқа түскен Луисті рингтен бірден ауруханаға алып кеткен болатын. Кейін оны жасанды комаға түсіріп, операция жасаған болатын.

Дәрігерлер миы өлді деген диагноз қойылған боксшыны ажалдан аман алып қала алмады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport