Бокс
24 қазан 2023 11:24

24 нокауты бар экс-чемпион Жәнібекпен айқасқа қатысты шешімін айтты

©Sky Sports

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) британиялық Крис Юбенктің (33-3, 24 КО) ісін жүргізетін Nova Sport промоутерлік компаниясының атқарушы директоры Эллиот Амоакодан алған хаттың мәтінін жария етіпті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында WBO Юбенкті орта салмақ рейтингінде бірінші орынға көтерген. Осылайша, Крис автоматты түрде ұйым чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) міндетті қарсыласы атанған еді. 

Алайда Амоако WBO ұйымынан Юбенкке қандайда бір міндетті жекпе-жек тағайындамауды сұрапты. 

"Крис Юбенкті титулға негізгі үміткер деп мойындағандарыңызға шын алғысымызды білдіреміз. 

Алдағы жоспарымызды талқылағалы жатқандықтан, таяу апталарда сіздердің құрметті титулдарыңыз үшін қандайда бір міндетті немесе іріктеу турниріне Юбенкті қатыстыруды қарастырмауыңызды сұраймыз. Қазіргі таңда балама жекпе-жек өткізу бойынша біз оның атынан келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біз әркімнің уақытына ұқыппен қарап, басқа да боксшылардың мүмкіндіктері сақталуын қамтамассыз еткіміз келеді.

2024 жылдың көктеміне түрлі нұсқаларды қарастыруға ықыласпен кірісеміз. Түсінік пен ынтымақтарыңыз үшін алғыс білдіреміз", - делінген хатта. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport