Бокс
5 қыркүйек 2022 09:59

24 жастағы "Рокки" отызыншы қарсыласын нокаутқа түсірді

©Boxing Scene

Мексикалық проспект Эдуардо "Рокки" Эрнандес (33-1, 30 KO) отандасы Хорхе Мата Куэйяраны (14-1-2, 10 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшы екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBC International Silver белбеуін қорғап қалды. 

Мексиканың Эрмосильо қаласында өткен бокс кешіндегі айқас он раундқа есептелген еді. Алайда кездесу бесінші раундта нокаутпен аяқталды. 

Осылайша, 24 жастағы "Рокки" карьерасында 33-рет жеңіп отыр, оның отызы нокаутпен. Ал Куэльяра алғаш рет жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport