23 жастағы боксшы жабайы аюды жалаң пышақпен өлтірген

©Unsplash

Боксшы Илья Медведев Ресейдің Түмен облысында жабайы аюды пышақпен өлтірген екен, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы Shot телеграм арнасына сілтеме жасап. 23 жастағы спортшы Ертісте балық аулап жүргенде оған жабайы жыртқыш тап берген екен. 

Мәлімет бойынша, арасында Медведев бар үш балықшыға аю шапқан. Жыртқыш 48 жастағы ер адамды өлтіріпті, содан кейін боксшыға тап берген. Илья қарап қалмай бірнеше рет пышақ сұғып үлгерген. 

Аю бұл жарақаттардан өлген, ал Медведев басы мен қолдарын қатты жарақаттапты. Аман-есен қалған үшінші балықшы спортшыны медициналық мекемеге дейін жеткізген. Қазір боксшы ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар