22 нокауты бар чемпион "Канело" - Головкин айқасының жеңімпазымен жұдырықтаспақ

©sportarena

Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) қыркүйек айында Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы трилогияның жеңімпазымен кездесу өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Жеңімпазбен ("Канело" - Головкин) жекпе-жек өткізгім келеді. Кім болса да, кез келгенімен айқасуға дайынмын", - деп береді vRINGe.com Чарлоның сөзін.

Америкалық былғары қолғап шеберінің айтуынша, ол осыған дейін "Канеломен" қолғап түйістіруге дайын болған. Алайда мексикалық боксшы Бивол мен Головкинді таңдаған.

Еске салайық, Чарло 18 маусымда поляк Мацей Сулецкимен (30-2, 11 КО) жұдырықтасуы керек еді. ESPN арнасының мәліметінше, Джермалл жаттығу кезінде арқасын жарақаттаған. Соның салдарынан жекпе-жек кеші кейінге шегерілді.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар