Бокс
2 қыркүйек 2021 11:42
 

22 нокауты бар әлем чемпионы Головкинмен кездесу өткізетінін мәлімдеді

  Пікірлер

blog.share

22 нокауты бар әлем чемпионы Головкинмен кездесу өткізетінін мәлімдеді ©Showtime

Орта салмақта WBA ұйымының уақытша чемпиондық белбеуінің иегері Крис Юбенк (30-2, 22 КО) осы салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) кездесуі өткізетінін хабарлады. 

blog.share

Орта салмақта WBA ұйымының уақытша чемпиондық белбеуінің иегері Крис Юбенк (30-2, 22 КО) осы салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) кездесуі өткізетінін хабарлады. 

"Ол (Головкин) - әлем чемпионы және біздің кездесуді жанкүйерлер бірнеше жыл күтіп жүр. Бұл кездесу алдағы 12 айдың ішінде өтеді", - деп келтіреді боксшының сөзін Sky Sрorts.

Британдық боксшының айтуынша, Головкиннің командасы кездесуді ұйымдастыруға да келісім берген. "Жекпе-жек болады. Уақыт келгенде мен дайын болу керекпін", - деді ол. 

Айта кетейік, негізі Юбенк пен Головкин 2016 жылы кездесуі керек еді. Бірақ ол кезде британдық боксшы жекпе-жектен бас тартты. 

Еске салайық, Головкин желтоқсанның соңында орта салмақта WBA ұйымының "суперчемпионы" Риото Муратамен (16-2, 13 КО) кездесу өткізуі керек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!