Бокс
15 сәуір 2021 16:53

22 нокауттың авторы Головкинмен кездесіп, оның титулдарын тартып алуға ниетті екенін жеткізді

Крис Юбенк. Фото: boxingscene.com

WBA нұсқасы бойынша орта салмақта өнер көрсететін уақытша әлем чемпионы кіші Крис Юбенк (29-2, 22 КО) жыл соңына дейін дәл осы салмақтағы IBF және IBO нұсқаларының титул иегері қазақстандық Генадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО)кездесу өткізуге ниетті екенін айтты. Бұл туралы Boxingscene.com сайтында айтылған. 

"Осы жылдың негізгі мақсаты - Головкин. 100 пайыз. Мен жылдар бойы бұл жекпе-жекті аңсадым. Ол орта салмақтағы нөмірі бірінші. Сондықтан бұл кездесуді ұйымдастыруға болады, жанкүйерлер оның қарсыласы ретінде тағы кімді көргісі келеді? Мен оған керемет, бәсекеге толы жекпе-жек ұсына аламын. Ол менің тізімімде алғашқы, алайда тізімде басқа да спортшылар бар. 

WBA белбеуінің толыққанды иегері Риота Мурата бар, ал мен уақытша чемпионмын, сондықтан бұл мен өткізгім келетін маңызды жекпе-жек. Маған орта салмақтағы топ боксшылар керек, маған олардың титулдары керек. Бокста саясат көп, сондықтан бір кездесулерге қарағанда екіншілерін өткізу оңайырақ. Бірақ мен осы 1 мамырдағы жекпе-жектен (Маркус Моррисонға қарсы Манчестерде өтеді) кейін шаршы алаңға тезірек қайта оралғым келеді" - дейді Юбенк. 

Айтып өтейік, Юбенк пен Головкин арасындағы кездесу туралы 2016 жылы аталұылаулар болған. Алайда ол уақытта британдықтың командасы келісмшартқа қол қоюды созып жібергендіктен, Головкинге қарсы шаршы алаңға Келл Брук шыққан еді. Кездесу бесінші раундта GGG жеңісімен аяқталған болатын.